Басқарылатын құрылғылардағы бағдарламалардағы әрбір осалдықтың статистикалық ақпаратын көруге болады. Статистика диаграммалар түрінде ұсынылған. Диаграмма келесі күйлері бар құрылғылардың санын көрсетеді:
Еленбеген: <құрылғылар саны>. Егер сіз осалдық сипаттарында осалдықты елемеу параметрін қолмен орнатсаңыз, осы күй тағайындалады.
Түзетілген: <құрылғылар саны>. Егер осалдықты түзету тапсырмасы сәтті аяқталса, осы күй белгіленеді.
Түзетуге жоспарланған: <құрылғылар саны> Егер сіз осалдықтарды түзету тапсырмасын жасаған болсаңыз, бірақ тапсырма әлі аяқталмаған болса, осы күй белгіленеді.
Патч қолданылған: <құрылғылардың саны>. Егер сіз осалдықты түзету үшін бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды қолмен таңдаған болсаңыз, осы күй тағайындалады, бірақ бұл жаңарту осалдықты түзетпеді.
Түзету қажет: <құрылғылар саны>. Осалдық кейбір басқарылатын құрылғыларда ғана жабылған болса, бірақ басқа басқарылатын құрылғыларда осалдықты түзету қажет болса, осы күй тағайындалады.
Басқарылатын құрылғылардағы осалдық статистикасын көру үшін:
Бағдарламаның негізгі терезесінде Операциялар → Патчтарды басқару → Бағдарламалық жасақтама осалдықтары бөліміне өтіңіз.
Басқарылатын құрылғыларда табылған бағдарламалардағы осалдықтар тізімі бар бет көрсетіледі.